10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Еуропа клубының шақыруымен Испанияның Мадрид қаласында дзюдодан төрт күндік шеберлік сабағын өткізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл отандық дзюдо мектебін халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңызды қадам болып отыр. Елдос Сметовтың Еуропада дәріс өткізуі – отандық спорттың әлемдік аренада мойындалып келе жатқанын және елімізде дзюдоның беделі жоғары екенін айғақтайды.
«Елімізде шетелдің қызығушылығын оятып, абыройымызды асқақтатып, «Кімсің?» дегенде – «Қазақпын» деп танытатын жаңа буынның қалыптасуына шын жүректен тілектеспін. Әрқайсыңызға денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Әр отбасына мықты да білімді ұл-қыздарды тәрбиелеу нәсіп етсін!», – деп жазды Олимпиада чемпионы өз парақшасында.
Елдос Сметов – мыңдаған жас спортшыға үлгі. Оның ірі турнирлердегі жеңістері, табандылығы мен тәртібі жастарға шабыт беріп келеді.
Мемлекет тарапынан да бұл спортты дамытуға жүйелі шаралар қабылдануда. Қазіргі таңда елімізде 90 мыңнан астам адам дзюдомен шұғылданып, 1300 бапкер еңбек етуде.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді