Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше ғана елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Осы саяси оқиғаға қатысты жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қуаныш Жиенбай өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сайлауға 70 пайызға жуық қазақстандық қатысты. Қуаныш Жиенбай осы көрсеткішке қарап-ақ отандастарымыздың елдің болашаққа деген үміті зор екенін байқауға болады деген ойын айтып жеткізді.
«Бүгінде халықтың сайлауға қатысып, елдің ертеңін ойлауға деген құлшынысы жоғарылаған. Алда Жаңа Қазақстанды құрғалы жатырмыз. Елдің оған деген сенімі мол. Әркім өзінің сенім артқан кандидатына дауыс берді деген ойдамын», – деді халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.
Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Жазушы бұл бізді қуантқан шешім болды дейді.
«Кеше ғана өткен сайлаудың елімізге оң әсер ететініне кәміл сенімдімін. Барша қазақстандықтар болып мемлекетімізді басқаруға лайықты президентімізді сайладық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең көп дауыс жинағанына қуаныштымын. Енді мемлекет басшысымен бірге Әділетті Қазақстанды құруымыз үшін барлығымыз белсене атсалысуымыз қажет», –деді ол.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды