Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБиыл ұлын үйлендіріп, келін түсірген әншілер қатарын Өмірқұл Айниязов та толықтырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі тамыз айында ұлын үйлендіріп, дүбірлі той өткізді. «Ұйқым келмейді» бағдарламасына келген Айниязов салтанатты іс-шараның қызықтарын еске алып, құдаларына қанша қалыңмал бергенін айтты. Өзінің сөзіне қарағанда, келіні шығыс жақтан екен.
Шығыс жақ орамал тақпайтынымен қатар қалыңмал да сұрамайды екен. Ол жағы жақсы екен. Бірақ біз елден қалмайық деп, халықтың бергенін бердік. Қызылордада оған қатты мән береді. «Өмірқұл келініне ештеңе апармапты» деп өзіміздің де адамдар айтуы мүмкін. Нұртас (Айдарбеков - ред.) сияқты бердім деп айтпай-ақ қояйын. Сол әкесінің жағалы киімі бар, анасы мен қызының гауһартасты бұйымдары бар. Соның барлығын қосқанда, он мың доллар болмаса да, соған жақындап қалды, - деді әртіс.
Бұған дейін Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков кіші ұлын үйлендіргенде қалыңмалға 10 мың доллар бергенін айтқан.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек