Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% артық. Өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаға өсті.
2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресейде, Қырғызстанда және Арменияда тұрақты сұранысқа ие. Сонымен қатар өткізу нарығының географиясы кеңейіп келеді: Өзбекстан мен Моңғолияға жеткізілім көлемі айтарлықтай артты, сондай-ақ Әзербайжан мен Корея Республикасының нарықтарына алғашқы экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылды.
Отандық өндіріс көлемінің артуына байланысты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе импорты 9,2% төмендеді.
Ішкі нарықта сұраныстың тұрақты өсімі байқалады. 2026 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбені өткізу көлемі 41,4 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті.
2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда сүзбенің орташа бөлшек сауда бағасы бір килограмына 2 457 теңгені құрады. Ең төменгі орташа баға Петропавл қаласында тіркелді – бір килограмы 1 661 теңге, ал ең жоғары баға Жезқазған қаласында –бір килограмы орта есеппен 3 060 теңге болды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек