Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-тен 30%-ке дейін өседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
Биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-тен 30%-ке дейін өседі. Бұл – барынша ұстамды тариф. Онсыз коммуналдық инфрақұрылымның сапалы жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мүмкін емес. Тариф мәселесінде біз барлық жақтың мүдделерін ескеретін тең ортаны таба білуіміз керек. Яғни саланы дамыту қажеттілігін де, халықтың мүмкіндігін де ескеруміз керек, - деді премьер-министр.
Смайыловтың айтуынша, 2021 жылдан бері Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы пайда болды. Осыған орай электр қуатын ұлғайту керек. Ал ол үшін тарифтерді өсіру қажет.
Оқи отырыңыз:
Станциялар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келді, сондықтан жөндеу жұмыстарына қаражат салған жоқ. Қаражат салынса да, ол қарыз алу арқылы немесе мемлекет есебінен жүзеге асырылды. Ал энергия объектілерін жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті. Металл мен құбырлар, арматура мен электротехникалық бұйымдардың және басқа да жабдықтардың бағасы айтарлықтай өсті. Жалақының төмен болуына байланысты энергетика саласынан білікті мамандар жаппай кете бастады. Ал кәсіпорындар оларға тиімді жұмыс жағдайын ұсына алмады, - деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидатын енгізетін болсақ, тарифті өсіруден түсетін пайда біреудің қалтасына кетпей, тікелей өндірісті жаңғыртуға жұмсалатынын айта кетті. Жаңа тарифтік саясат ашықтық, есептілік және жариялылық принциптеріне негізделетін болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?