29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлде болу ережесін бұзған 42 азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz- ке сілтеме жасап.
20 ақпаннан бастап Павлодар облысының полицейлері “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс істейді.
– Аталған іс-шараны өткізудің бірінші күні құқықтық тәртіп сақшылары 42 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін ТМД-ның 26 шетелдік азаматы және Қазақстан Республикасының 16 азаматы бір шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылдады, – деп түсіндірді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің орынбасары Гомар Шабиденов.
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың бір фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының белгіленген ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Қазақстан Республикасының 15 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер облыс аумағындағы “Мигрант” ОПМ 28 ақпанға дейін жалғасатынын және елдің көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайтынын еске салады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек