Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді13 сәуір күні сағат 09:23-те (Астана уақытымен) Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісінің әсері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Түркістан, Жамбыл және Шымкент қалаларында байқалды. Қаттығы 2-3 балл шамасында болған. Мырзакент, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Шымкент, Тараз, Арыс, Абай, Ленгер, Сайрам, Манкент секілді елді мекендерде 3 баллға дейінгі дүмпу сезілген. Түркістан, Кентау, Шу, Мойынқұм, Жаңақорған және басқа бірнеше елді мекендерде 2 баллдық тербеліс байқалды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады