20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатасының төрайымы Наталья Годунова Қазақстан бюджеті 4 жыл ішінде 10 триллион теңге жоғалтқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғары аудиторлық палата тексерісі 64 салық жеңілдіктерін Ұлттық экономика министрлігі де, мемлекеттік кірістер комитеті де есепке алмағанын анықтады. Ал бұл бюджетке шығын келтірді, бар болғаны төрт жыл ішінде шамамен 10 триллион теңгеден айырылдық, - деді Годунова.
Оның айтуынша, Қазақстанда көлемін ешкім есептемеген жеңілдіктер мен преференциялар бар және олар кейде қаржылық бизнестің гүлденуі үшін жұмысын жалғастыруда.
Осы уақытқа дейін бюджетті толықтырудың барлық резервтері пайдаланылды. Көлеңкелі экономикада жыл сайын мемлекеттік бюджетке ең аз дегенде 3-4 триллион түседі, - деді Наталья Годунова.
Еліміздің бас аудиторы бюджетті жоспарлау кезінде қаржыны тиімсіз пайдаланудың негізі қалыптасады деп санайтынын ашық айтты.
Жалпы 2022 жылы 20 аудиторлық іс-шара өткіздік. 20 аудиторлық іс-шараның тек төртеуі құқық қорғау органдарына берілмеді. Қалғандарының барлығы құқық қорғау органдарына берілді. Іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін барлығы 15 материал берілді, 6 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның қорындысы тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады, - деді ол.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?