Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБиыл қаңтар айында елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 227 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды El.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 32%-ға көп.
2022 жылдың осы кезеңінде саладағы құқық бұзушылықтар саны жылына 32,8%-ға азайып, 172 болған.
Өңірлер бойынша мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы облысында жасалған: бір жыл бұрын 18 іс болса, енді 25-ке жеткен.
Одан кейін Алматы қаласы (23 іс, 2022 жылы 8) және Түркістан облысы (19 іс, бір жыл бұрын 20). Атырау мен Жамбыл облыстары да қалыспайды.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау және Абай облыстарында тіркелген.
Баптар бойынша статистика тіптен қорқынышты. Мәселен, «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы басқа да әрекеттер» бабы бойынша бір жыл бұрын 25 іс болса, қазір 45 іске жеткен. «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» - 24 іс, «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша әрқайсысы 20 іс тіркелді, - делінген жазбада.
Көбіне кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар жеке адамға қарсы жасалған: 137 іс – 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 18,1% көп. Сондай-ақ секторда меншікке қарсы 33 құқық бұзушылық, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы 17 құқық бұзушылық, көлікте 17 құқық бұзушылық және отбасына қарсы 12 құқық бұзушылық жасалған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер