23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов 46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасында болған қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Меніңше, «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы қатаң жауапқа тартылуы тиіс. 10 жылда қаншама осындай қайғылы жағдайлар болып, 140-тан астам кеншілеріміз бен мықты мамандарымыз құрбан болды, олардың отбасылары, қаншама адам зардап шекті. Бұл үлкен жауапкершілік. Ендеше, «АрселорМиттал Теміртау» жауапқа тартылуы керек және тек Қазақстанда ғана емес. Оны халықаралық деңгейде жазалау керек. Неге? Өйткені бұл немқұрайлылық, салақтық қылмысқа пара-пар және ол өнеркәсіптік, техникалық қауіпсіздікке мол қаржы бөлініп жатқанына қарамастан ұзақ жылдар бойы жалғасын тауып келді, - деді Серік Ахметов.
Айта кетейік, Қазақстанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының инвесторы Лакшми Миттал мен менеджер Палаватха Кришнанды жазалауды талап ететін петиция басталды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады