7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ашық деректер порталында жарияланған табиғи жолмен өлген киік дериваттарын жинау жөніндегі бұйрық жобасын кері қайтарып алды, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта киіктердің санын анықтау мақсатында, ғылыми биологиялық негіздеме әзірленіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша киіктердің санын реттеу мәселесіне қатысты шешім қабылданады. ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті НҚА (нормативтік құқықтық актілер) ашық деректер порталында киіктің дериватын жинауға бұйрық жобасын жариялады. Аталған бұйрық жобасы табиғи өліммен өлген киіктердің дериваттарын жинауға бағытталған. Алайда, комитет бұйрықтың бұл жобасын пысықтау үшін ашық НҚА-дан қайтарып алды», - делінген министрлік мәлімдемесінде.
Айта кетейік, киіктерді қорғау мақсатында қабылданған шаралар нәтижесінде аң қарасы жыл сайын орта есеппен 40%-ға артып келеді. 2017 жылы 152 мың болса, биыл 1,3 млн-ға жетті. Ал, олардың республика бойынша оңтайлы саны 560-770 мың болу керек. Ведомство дерегіне сәйкес, санақ қорытындысы өңірде 801 мың киік барын көрсеткен. Мұның залалы ауыл шаруашылығына, атап айтқанда жайылымдар мен суаттарға тиіп жатқаны белгілі.
«Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында ауыл шаруашылығы дақылдарын егу науқаны жүріп жатқанын ескеруіміз қажет. 2015 жылғы пастереллёз індетінің қайталану қаупі бар. Сол жылы 150 мың киік (бүкіл популяцияның 80%-ы) қырылып қалған еді», - деп жазады экология министрлігі.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?