Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕкібастұздағы білім мекемелері бұрынғыдай жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Екібастұзда 65 білім ошағы бар. Бұл – 21 жалпы білім беретін, үш мамандандырылған және бір жекеменшік мектеп, 6 колледж, 26 балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және 5 арнайы ұйым.
"Білім беру мекемелерінің жылу жүйесінің жұмысы бақылауда, ешқандай ақау жоқ. Жалпы қала бойынша жылумен қамту жағдайы қалыпқа келгеннен кейін білім беру ұйымдары әдеттегідей жұмыс істей бастайды", - деді Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.
Әзірге мектеп оқушылары мен студенттер қашықтықтан білім алып жатыр. Лаура Дисюпова төтенше жағдайда Екібастұздағы 8 білім беру мекемесінде жылыту пункттері жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Оның 7-уінде жатар орындар бар, олар 620 адамды қабылдай алады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?