Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКезекші бригадалар қайта тексеру кезінде жылусыз қалған бірқатар үйлерді анықтады, деп хабарлайды El.kz Павлодар облыстық әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел штабтың мәлімдеуінше, мамандар бұрын анықталған 25 көпқабатты үйден бөлек, тағы 28 көпқабатты тұрғын үйде жылумен жабдықтаудың бұзылғанын анықтады. Қазіргі уақытта 53 көпқабатты тұрғын үйдің 11-дегі мәселе толығымен жойылып, олар жылумен жабдықтауға қосылған. Сондай-ақ, 90 жеке үйдің ішінен 18 жеке үй жылуға қосылды, - делінген хабарламада.
Қалған үйлер бойынша апатты жою үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жөндеу бригадалары ұйымдастырылды.
Жылуды қалпына келтіру жұмыстарымен 256 адам және 43 техника жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта КТК және ЖТҚ ішкі жылыту жүйелерін жылыту және баптау жүргізіліп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?