Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕкібастұздағы ЖЭО-да екі қазандық толық жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Pavlodarnews.kz-тің мәліметінше, облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзға жылу беру бойынша құрылған жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.
Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Екібастұз ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр. Жеті жылу магистралі (1, 3, 5, 7, 8, 10, 12) толығымен толтырылып, іске қосылды.
Қаладағы 90 әлеуметтік нысанның 26-сына жылу берілді, түнге дейін тағы төрт нысан қосылады, - деді Асайын Байханов.
Аймақ басшысы жылу беру маусымын бастау бойынша жағдайды алдағы уақытта да өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді