Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕкібастұз ЖЭО учаскесінің бірінің бастығы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды El.kz станцияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Екибастузтеплоэнерго» ЖШС бұл деректі растады.
4 желтоқсанда «Екибастузтеплоэнерго» ЖШС-на Полиция басқармасынан «За рулем» қоғамының тұрақтарының бірінен ер адамның мәйіті табылғандығы туралы қоңырау келіп түсті. Алдын ала болжамдарға сәйкес, ол Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесі болуы мүмкіндігі айтылды. Тексеру барысында расымен де станция қызметкері екендігі анықталды. «Екибастузтеплоэнерго» ЖШС компаниясының басшылығы қайтыс болған қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, - делінген компания таратқан ақпаратта.
Полиция басқармасының дерегіне сәйкес, аталған факт Екібастұз қаласының ПБ тіркелді. Тексеріс жүріп жатыр.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді