Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПлита жұмыс істеп тұрған қазандықтың үстіне құлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 15 маусым күні сағат 16:45-те Екібастұз ЖЭО-да «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС-де №5 жұмыс істеп тұрған қазандыққа темірбетон плита құлаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше оқиғаға байланысты плитаның құлау аймағындағы барлық жөндеу және пайдалану жұмыстары тоқтатылған.
Бұл осы айдағы бірінші жағдай емес. 11 маусымда жөндеудегі №7 қазандық ауданында бүйір қоршау конструкцияларының 8 темірбетон плитасы құлаған болатын.
Орталықта бүгін, 16 маусымда, қазандықтардың үстіндегі шатырдың конструкциялары тексеріледі. Оның нәтижелері бойынша жұмыстарды қайта бастау туралы шешім қабылданады. Тексерумен мамандандырылған ұйым айналысады, - делінген мәліметте.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді