Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысы Екібастұз қаласында тұратын 50 бала қысқы демалысын Түркістан облысындағы спорттық-сауықтыру кешенінде өткізеді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгін мектеп оқушылары мен оларға ілесіп келген азаматтар Түркістан өңіріне келіп жетті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Калыйма Жантореева және жауапты мекеме өкілдері оларды теміржол вокзалынан күтіп алды.
«Біздің өңірге таңдауы түскен 50 бала, олармен бірге келген 6 сүйемелдеуші және 1 дәрігер Төлеби ауданында орналасқан «Бәйшешек» демалыс аймағына орналастырылды. Жалпы 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қамтылып отыр. Балалар 11 қаңтарға дейін жоспарға сай түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысады. Түркістандағы Қ.А.Ясауи кесенесіне де саяхат жасау жоспарлануда. Партияның бұл бастамасы балақайларға ерекше серпін сыйлайтыны анық», - деді Алтынсары Үмбетәлиев.
Сауықтыру лагеріндегі іс-шараларды үйлестіруге партияның аймақтық филиалы, облыс әкімдігі және оған қарасты білім, спорт, денсаулық сақтау басқармалары атсалысуда. Жалпы республика бойынша 1300 мектеп оқушысына шипажайлар мен спорттық-сауықтыру кешендеріне баруына жағдай жасалады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?