Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысы ТЖД қызметкерлері Екібастұздағы апат салдарын жоюға жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 6:00-ден бастап Екібастұз гарнизонының құтқарушылары күшімен зақымдалған учаскеден суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сағат 11:00-де «Қалалық су арнасы» МКК және «Инженерлік желілер» ЖШС қызметкерлері зақымдалған учаскені ауыстыру және диаметрі 500 мм техникалық су құбырын ажырату бойынша жөндеу жұмыстарын бастады. Қалада жылу және сумен жабдықтау штаттық режимде жүріп жатыр (5 қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр және 5-еуі резервте). Авария орнына ТЖД, «Қалалық су арнасы» МКК 58 адам және 16 техникасы мен құралдары жұмылдырылды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша жылу желісін қоректендіру резервуарларындағы су деңгейі – 7,5 метр, сыни көрсеткіш – 1,6 метр. ЖЭО резервуарларын қуаттандыру – сағатына 900 тонна (жылу желілерін қуаттандыру – сағатына 600 тонна). Қазіргі уақытта қоректендіру диаметрі 150 мм (сағатына 150 тонна) ауыз су құбырынан жүргізіліп тұр», - делінген ведомство ақпаратында.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вахталық және командалық-штабтық машина (КУНГ) базасында жылыту пункті ашылды, сондай-ақ «Vita» волонтерлері ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?