Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕкібастұз қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері мұражай құрылысы алаңында заңсыз еңбек еткен көрші елдің азаматтарын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәл осындай заңбұзушылық қаладағы дәмханалардың бірінде де анықталып отыр.
Жеті шетелдік азамат аймақта заңсыз, рұқсат құжаттарынсыз болған. Шетелдіктердің ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін сотқа жіберуге әкімшілік материалдар толтырылды. Сондай-ақ шетелдік азаматтарды тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.
Полиция шетелдіктерге көші-қон режимін бұзбауды және тиісті құжаттарды уақтылы ресімдеуді ескертеді.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді