22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин Екібастұздағы ахуалға байланысты өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаладағы тұрғын үйлерді суық сумен қамтамасыз ету үшін су желілеріндегі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 28 үйдің сегізінде су желі құбырларын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қалған үйлерде жұмыстар ретімен жалғасуда.
«ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Жедел штабтың төрағасы Роман Склярмен бірге тиісті техникалық шешім қабылданды. Нәтижесінде, құбырларды жер астымен емес, жер үстімен жүргізетін боламыз. Себебі, егер жер астымен жүргізетін болсақ, қазіргі жұмыс істеп тұрған құбырларды толығымен монтаждау керек боламыз. Одан кейін оның орнына жаңа құбырларды орнатуымыз керек болады. Бұл дегеніміз бесінші шағын ауданды аз дегенде 20 сағатқа жылудан ажыратуымыз керек дегенді білдіреді. Сондықтан даладағы температураны ескере отырып, жер үстімен жүргізілетін желіні шамамен 5 сағатта аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыстар демалыссыз жалғасады», - деді Аян Бейсекин.
Бесінші шағын ауданда орналасқан жылу желісінен зақымдалған орындары анықталды. Оны қалпына келтіру үшін 200-ге жуық 426 метрлік құбырды орнату қажет. Оны орнату оңай жұмыс емес, сондықтан біраз уақытты талап ететінін атап өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев