Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы22 сәуір күні сағат 17:20-да Екібастұз қаласының полициясына Пішенбаев көшесіндегі дүкеннің жанында мас күйдегі адамдар ішімдік ішіп жүргені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Полицейлер келген кезде дерек расталды. Шынымен де дүкен маңында 34 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел адам болған. Осыған байланысты полицейлер аталған азаматтарды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізу туралы шешім қабылдады.
Олар полицейлердің заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсеткен. Жағдай барысында полицейлердің нысанды киім-кешектері мен қызметтік көлік құралдары зақымданған.
Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ұсталғандар “орташа” дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған. Барлығы уақытша бейімделу және детоксикация орталығына орналастырылды.
Азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді