Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше Екібастұз қаласы Матросов көшесі, 9 үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бесінші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатты. 12 шаршы метр аумақтағы бөлмелердің бірінде жиһаз, үй заттары өртенді. Өрт салдарынан үйлердің кіреберістеріне түтін тез тарады.
2-МӨСБ бөлімінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Сартымбеков Асылхан, 2-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Пронченко Роман және 6-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Бутенова Руслан "Respihood" құтқару қалпақшасының көмегімен баспалдақ арқылы 3 адамды құтқарды.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 15 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала. Өртті 16:50-де ауыздықтап, көп ұзамай 17:05-те өрт толық жойылды. 2-МӨСБ және 6-ӨСБ № 2 кезекші ауысымның жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында адамдар қаза тапқан жоқ. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен үш бірлік техника қатысты. Өрттің себебі анықталуда.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді