30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПавлодар облысында полиция кәсіпкерден 22 млн теңгенің вейпін тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екібастұз қаласы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан тұрғын емес үй-жайда полиция қызметкерлері құны 22 млн теңге болатын үш мыңнан астам электрондық темекі мен ноутбукты тауып, тәркіледі. Заңсыз тауардың бұл партиясы сатуға арналғаны анықталды. Күдікті интернет-дүкен арқылы танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі арналарды пайдаланып, сауда жүргізген. Заңсыз электрондық темекіні сату және тарату күдігі бойынша 28 жастағы кәсіпкер полиция бөліміне жеткізілді.
Темекі өнімдері, электрондық тұтыну жүйелері, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкері “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз электрондық вейптердің сатылуына тосқауыл қойылғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, осы жылдың 20 маусымында Қазақстанда никотинді (вейптерді), сондай-ақ олар үшін сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды