Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеншілер шаһарында кәріз коллекторын жөндеу қолға қалынбақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы аймақ басшысы Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жазды.
Кеше сенбіліктен және Ертіс жайылмасын әуеден бақылағаннан кейін жұмыс сапарымен Екібастұзға барып келдім. Қаланың тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті бірнеше маңызды мәселелер назар аударуды талап етті. Біріншісі - кәріз коллекторын жөндеу. Бүгінгі таңда 2 км-ден астам желінің 90%-дан астамының әбден тозығы жеткен, - деп жазды облыс әкімі.
Асайын Байханов бұл мәселені жедел түрде ТЖ алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысында қарауды және коллекторды санация әдісімен қайта жаңартуды жылдам бастау үшін тиісті шешім қабылдауды тапсырды.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы шаһардағы балалар шығармашылық орталығының құрылыс барысын тексерді.
Қазір мұнда 2-3 қабаттың қабырғалары қалануда. Айдың соңына дейін жұмыстың 40% аяқтау жоспарлануда. Сапаға баса мән беріп, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым, - деді ол.
Жұмыс сапарының соңында ЖМ-7/1 магистраліне арнайы барды. Желінің құрылысы аяқталып, гидравликалық және температуралық сынақтардан өтті. 5 мамырға дейін аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, 12 км магистральдық техникалық су құбырының да құрылысы аяқталды. Жақын арада сынақтан өткізіліп, содан кейін пайдалануға беріледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?