Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕкібастұзда №35 мектеп-гимназиясы жанынан ұйымдастырылған «Асыл мұра» клубында этнос өкілі, қазақ тілінің мұғалімі Виктория Кожамбердина жетекшілік етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол домбыра кабинетінің ашылуына бастамашы болып, қазақ халқының музыкасы мен мәдени мұрасы арқылы оқушыларды және олардың ата-аналарын мемлекеттік тілге үйретуде. Олар салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарын танып қана қоймай, музыкалық аспапта ойнауға дағдыланатын болады.
Кабинетіміздің есігі қазақ тілін үйренгісі және халқымыздың төл мәдениетімен танысқысы келетін барша қауым үшін айқара ашық. Еліміздің әр азаматы осы құндылықтарымызды білуі тиіс деп санаймын. Домбыраға, ұлттық ойындарға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Алдыма келетін балдырғандардан өзімді көремін. Тілге деген махаббатым қазақ ортасында қалыптасып, бұған қазақ мектебіндегі ұстаздарым да өз септігін тигізді, – дейді қазақ тілінің маманы.
Педагог бастамасын мектеп басшылығы мен облыстық мәслихат депутаты Серік Сәдуақасов қолдаған. Домбыра кабинетінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен жабдықталды.
Қалалық білім беру бөлімінде ұлттық мәдениетті жаңғырту және насихаттау жобасы аясында домбыра кабинеттері Екібастұз қаласының 30-дан астам мектебінде ашылғанын айтады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?