Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕкібастұзда әкімдік ғимаратына мина қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратқан телефон терроры ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
6 желтоқсан күні сағат 20.30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба салынғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына дереу барлық қызметтер жіберілді. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ғимаратта 3 қызметкер болды, эвакуация жүргізілді. Жарылғыш заттар ғимаратта ешқандай күдікті және жарылғыш құрылғыларды таппады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде полиция күдікті – Екібастұз қаласының тұрғынын ұстады. Өз кінәсін мойындады, - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Полиция күдіктінің 2019 жылы осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын атап өтті.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді