Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Екібастұзда жылумен жабдықтау желілеріндегі зақымдарды жою бойынша жұмыстар жоспарланған. Жөндеу кезінде 65 тұрғын үй, оның ішінде 4 көпқабатты үй жылудан ажыратылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Марғұлан, 1, Мәшһүр Жүсіп, 58/1, Әуезов, 61/1, Молдағұлова және Шығыс өткелдері, 12-желілік өткел, Шевченко, 30, Оңтүстік өткел, 8 көшелері бойынша жылумен жабдықтау желілерінің ақаулы учаскелері ауыстырылады.
Тұрғын үйлердегі жылумен жабдықтауды өшіру 3-тен 8 сағатқа дейін созылады. Жөндеу жұмыстарына 37 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылады.
«Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылумен жабдықтау қалпына келтіріледі», делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, қаланың жылу желілерінде 131 зақым жойылды, қалған 23-і алдағы 10 күнде жойылады деп күтіледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?