Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Жедел Штаб «Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша ағымдағы жағдай туралы» атты баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук 12 үйде батерея мен көтергіштерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр дейді.
«Сәтбаев 8-дегі 3,4,5,6 корпус, Мәшһүр Жүсіп 52-дегі 3-6 корпус, Мәшһүр Жүсіп 55, 46, 46а, Момышұлы 68 мекенжайлары бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл үйлердің пәтерлерінде жылу тасымалдағыш көтергіштер арқылы беріледі, бірақ кейбір көтергіштер қосылмаған», – деді Олег Крук.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин айтуы бойынша бүгінде барлық жылусыз қалған үйлерге жылу түбірліктері толығымен жеткізілген. Пәтерлердің ішіндегі регистрлерді ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта регистрлерді, көтергіштерді қалыпқа келтіргеннен кейін жылу түбірліктері әкелген жылуды жоғары пәтерлерге жеткіземіз деп отыр.
Сондай-ақ әкім Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
«Қазіргі таңда 12 үйде батарея мен көтергіштерді жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осы күнге дейін 2000-нан астам регистр орнатылды. Бізде әлі 4000-нан астам регистр бар. Сондықтан барлық қажеттіліктерді қанағаттандырып отырмыз. 28 үйде суық су құбырларын жылыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Аян Уахитұлы
Жөндеу жұмыстарымен 800-ден астам азамат айналысуда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?