Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЭнергетика министрлігі Екібастұз ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов Екібастұз ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді.
«Павлодарэнерго» АҚ және «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС басшылығымен жылыту маусымының өтуіне дайындықтың өзекті мәселелері, оның ішінде жөндеу жұмыстарын уақтылы, сапалы жүргізу тәуекелдері, негізгі жабдықтың авариялық аялдамалары және т.б. талқыланды, - делінген мәліметте.
Белгілі болғандай, Екібастұз ЖЭО «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС-де 7 қазандық агрегатқа күрделі жөндеу және 1 қазандық агрегатқа ағымдағы жөндеу жүргізілуде. 2023 жылғы 1 наурыз бен 31 шілде аралығында №7 қазандық агрегатына күрделі жөндеу аяқталды.
Жылыту маусымының басында Екібастұз қаласында 2 энергетикалық және 2 су жылыту қазандық агрегаты жұмыс істейді, резервте 2 қазандық агрегаты болады. Биылғы қазанның 31-інде кестеге сәйкес тағы 4 қазандық агрегатын жөндеу жұмыстарының аяқталуы жоспарлануда.
2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша энергетикалық кәсіпорындарда жөндеу науқанының өтуі қатаң бақылауда, - делінген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?