Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғынын белгісіз біреулер атып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі полицияға сілтеме жасап.
15 мамыр сағат 17:40 шамасында Екібастұз полициясына Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны туралы хабар түсті. Аталған мекенжайға дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, зерделеді.
Беймәлім адам белгісіз атыс қаруынан Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны белгілі болды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді