29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2023 жылдың 13 ақпанында 09 сағат 23 минутта технологиялық қорғаныс әрекетінен Л-5170 Екібастұз-Ақадыр 500 кВ электр желісінде апат болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Kegok компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соның салдарынан Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында 600 МВт, шамамен тұтынушылардың 10%-ы жарықсыз қалған.
«KEGOC» АҚ электр желілерінің апатқа қарсы автоматикасы штаттық режимде жұмыс істеп, соның арқасында Қазақстанның оңтүстігі мен орталық өңірінде тұтынушылардың толықтай жарықсыз қалуының алдын алған.
Қазіргі уақытта электр қуатынан ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларын толық жүктеу жұмыстары жүргізілуде.
«Электр беру желісіндегі зақымдануды анықтау және жою үшін жөндеу бригадалары барған»,-делінген хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек