29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2022 жылдың 27 сәуірі мен 20 мамыры аралығында Павлодар облысының Экология департаменті Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-ға қатысты бірінші жартыжылдық жоспарлы тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында 2018-2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы белгіленген рұқсат етілген квоталар көлемінен асып кету бөлігінде экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды.
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының қолданыстағы жүйесі шеңберінде кәсіпорынмен өтелмеген квота көлемі 2 млн тоннадан астам СО2 құрады. Заңнама талаптарына сәйкес, кәсіпорын экологиялық заңнамада белгіленген мерзімде нарықта квоталар сатып алу арқылы жетіспейтін квоталар көлемін жабуға мәжбүр болды. Аталған бұзушылық негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 329-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Айыппұл сомасы 33 301 625 мың теңгені құрайды, - делінген хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек