10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлімізде екі жылда отбасында жанжал шығаратындар қолынан 300 адам көз жұмды. Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі мәліметінде айтылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚазАқпараттың мәлметінше, қазір уәкіл кеңсесі тұрмыстағы әрі отбасындағы зорлық-зомбылық пен әйелдердің құқықтарын бұзу мәселелеріне талдау жүргізіп жатыр.
Бұл мәселе бүкіл әлемде өте өзекті. 736 миллион әйел түрлі зорлық-зомбылыққа ұшырады. Оның 640 миллионнан астамы (87%) - 15 жастан асқан қыздар мен әйелдер. Тек кейінгі екі жарым жылда елімізде отбасындағы агрессорлар 300 адамның өліміне себепкер болды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 913, ал денсаулыққа орташа зиян келтірудің 837 жағдайы тіркелді. 37 мыңнан астам адам түрлі жауапкершілікке тартылды, - делінген уәкіл кеңсесі мәліметінде.
Сарапшылардың айтуынша, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептеріне әлеуметтік-экономикалық факторлар және қоғамдағы гендерлік стереотип мәселесі әсер етіп отыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді