20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы алғашқы чемпиондық жекпе-жегіне дайындықты бастады. Оның қарсыласы – кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген дат боксшысы Якоб Банк. Алдағы кездесуде WBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Жекпе-жек қашан өтеді?
Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк арасындағы титулдық кездесу 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Бұл қазақстандық боксшының жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жегі болмақ. Әлімханұлы бұған дейін орта салмақта өнер көрсетіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған. Енді ол екінші орта салмаққа ауысып, чемпиондық атағын жаңа дивизионда жалғастыруды көздеп отыр.
Қарсыласты зерттеп, осал тұстарын анықтап қойдық! Енді тыңғылықты дайындалу керек! Ол да өз елінде барын салары ақиқат! Жаңа салмақ! Жаңа деңгей! Бұйыртса 3 айдан соң 2 салмақта әлем чемпионы атанамыз! Ел мерейін асқақтатамыз! Осы уақытқа дейін қолдап, сенім білдіріп жүрген барша жанкүйерлерге мың алғыс! – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Алдағы жекпе-жек екі спортшы үшін де маңызды. Қазақстандық боксшы жаңа салмақта чемпиондық белбеуге қол жеткізуді мақсат етсе, Якоб Банк мансабында алғаш рет толыққанды әлем чемпионы атағына таласады.
Якобтың ұпайы түгел
Даниялық Якоб Банк кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның еншісінде 11 нокаут бар. Демек, өз алаңында жұдырықтасатын боксшының жеңіс сериясы мен жанкүйерлерінің қолдауы Жәнібек үшін ескеретін жайттардың бірі болмақ. Дегенмен қазақстандық боксшының командасы қарсыласынан басым түсуге ниетті.
Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, дат боксшысы өз елінде өнер көрсететіндіктен, бар күшін салатыны анық. Алайда қазақстандық боксшының командасы да жекпе-жекке тыңғылықты дайындалмақ.
Банк – жақсы қарсылас. Оның жеңіліссіз сериясы бар. Бірақ Жәнібек үшін аса үлкен қауіп деп ойламаймын. Меніңше, Жәнібектің техникасы одан әлдеқайда жоғары, – деді Берік Сұлтан Tengri Sport басылымына берген сұхбатында.
Менеджердің сөзінше, олардың командасы жекпе-жектің қай елде өтетініне ерекше мән бермейді. Қазақстандық боксшы бұған дейін Қазақстанда, АҚШ-тың бірнеше штатында және Аустралияда рингке шыққан.
Әлімханұлы нокаутпен жеңуге тырыса ма?
Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте 17 рет жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Соңғы төрт жекпе-жегінде де қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңген. Алайда менеджерінің айтуынша, команда жекпе-жекті міндетті түрде нокаутпен аяқтауды басты мақсат етіп қоймайды. Олар 12 раунд бойы жұдырықтасуға дайын болуы керек.
Біз әрдайым 12 раундқа дайындаламыз. Рингте түрлі жағдай болуы мүмкін. Әрине, қарсыласымызды нокаутпен жеңуге тырысамыз. Бірақ бұл – біз үшін жаңа салмақ. Сондықтан жекпе-жектің толық қашықтығына дайын болуымыз қажет, – деді Берік Сұлтан.
Оның айтуынша, команда Якоб Банктің жекпе-жектерін зерттеп, қарсыласының осал тұстарын талдаған.
Дайындық Нью-Йоркте басталады
Берік Сұлтанның мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлының жаттығу жиынының алғашқы кезеңі Нью-Йоркте өтеді. Кейін команда жағдайға қарай Еуропаға немесе Англияға баруды қарастыруы мүмкін. Менеджер Дания мен Нью-Йорк арасындағы уақыт айырмашылығы шамамен алты сағат екенін айтып, уақыт белдеуіне бейімделу үлкен қиындық тудырмайды деп есептейді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2025 жылғы сәуірде Астанада өткен жекпе-жекте француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңген. Кейін қазақстандық боксшының Эрисланди Ларамен кездесуі жоспарланғанымен, допинг сынамасына қатысты жағдайға байланысты жекпе-жек өтпей қалды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?