29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандықтар Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков Tennis Europe сериясы бойынша 2023 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
14 жасар Ева мен 16 жасар Даниэль Еуропа теннис қауымдастығынан (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік ойыншысы» (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығына ие болды.
Е.Корышева жылды Ыстанбұл турниріндегі жеңіспен бастады. Содан кейін Бельгияда бірінші санаттағы жарыста үздік шықты. Ева Tennis Europe рейтингінде жекелей сында жылды 18-орынмен қорытындылады. Ол 24 ұтыс, 5 жеңіліспен (83 пайыз) рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сондай-ақ жұптық сында екі мәрте чемпион атанды.
Тазабеков Tennis Europe аясында өткен жеті додада бақ сынап, тұрақты жоғары нәтижелерге ие болды. Соның нәтижесінде жыл соңында 20-орынға көтерілді. Оның рекордтық көрсеткіші –15 жеңіс, 7 ұтылыс (68 пайыз). Биыл ол жұптық сында екі рет Испанияда Авилесте Apple Bowl және Италияда Толентино турнирінде (екеуі де бірінші санат) озық шықты.
Өткен жылы осындай атаққа Заңғар Нұрланұлы, ал 2021 жылы Зара Дәркен ие болған еді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек