Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЛиверпульде бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында 80 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық Нұрбек Оралбай мен Қытай атынан сынға түсіп жүрген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан шаршы алаңда кездесетін болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл екі боксшы үшін бұл алғашқы кездесу емес. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалында екеуі кездесіп, Нұрбек Оралбай басым түскен еді. 2023 жылы Қытайда өткен Азия ойындарының іріктеу кезеңінде Оралбай мен Таңатхан тағы да жолығып, сол кезде Қытайдағы қазақ боксшысы жеңіске жеткен болатын. Енді олар әлем чемпионаты аясында қайта күш сынаспақ.
Нұрбек Оралбай 1/16 финалда украиналық Матвей Ражбаны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал Тоқтарбек Таңатхан мексикалық Эмилиано Редусиндоны айқын басымдықпен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды.
Айта кетейік, 4 қыркүйекте басталған әлем чемпионаты 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Байрақты бәсекеде 60-тан астам елдің спортшылары бақ сынауда. Жарыс World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтуде.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады