7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлітрген ананың психикалық ауытқуы бар-жоғы айтылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты.
Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, министрлік тарапынан қатаң бақылауға алынды. Заңға сәйкес, қылмыстық іс бойынша мәліметтер әзірше құпия, айтуға болмайды. Ал бұл отбасында бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алғаны не алмағаны қылмыстық істі тергеу аясында тексеріліп жатыр. Анықталатын болады. Бір айта кетерлік жайт, ол отбасынан Қызылорда облысында да, Түркістан облысында да тұрғанда ішкі істер органдарына ешқашан шағым түспеген. Бірақ, әйелдер отбасында зорлық-зомбылыққа көніп, арыз бермей жүруі де мүмкін. Сондықтан оның бәрі қылмыстық істі тергеу барысында тексеріліп, қорытындысы шығарылады, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында.
Оның атап өтуінше, қылмыстық істерді тергеу барысында мұндай жайттардың бәрі соңына дейін тыңғылықты қаралады.
Мұндай қылмыстық істердің қорытындысында көбіне отбасылық қиыншылықтардың себеп болғаны анықталады. Сонымен қатар қылмысты жасаған адам мінезінің психикалық ауытқулары да себеп болады, - деді ол.
7 ақпан күні Түркістан қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың мәйіті табылған болатын.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?