Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау облысының полиция департаменті екі баланың өмірін жалмаған пәтердегі өртке қатысты тың ақпарат айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер өрт қойған ер адамды ұстады.
Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында қалған жанармай құйылған ыдысты тапты. Жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетінен ыдыспен бензин сатып алған 31 жастағы ер адам бейнекамералардың көмегімен анықталды. Ол зардап шегушінің танысы болып шықты, - деп хабарлады полиция.
Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті Оралға бара жатқан жерінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. 31 жастағы күдіктіге қатысты «аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру фактісі» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді