Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Сол бәсекеде грек-рим күресінің шеберлері Айбек Айтбеков пен Юсуп Ашрапов жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Әлем чемпионатында Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз алғашқы белдесуінде қырғызстандық Ырыскелді Хамзаевты 9:0, ал 1/8 финалда молдовалық Василе Забиканы 9:0 есебімен жеңді. Кейін ол ширек финалда әзірбайжандық Фарид Халиловтан 7:1 есебімен басым түсті.
Жартылай финалда Юсуф түркиялық Ибрахим Өздемирмен жолыққан Юсуф таза жеңіске жетті. Сөйтіп, финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянды 4:3 есебімен ұтқан Юсуф Ашрапов Әлем чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алтын медальді салды.
U23 Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен тағы бір алтын жүлденің иесі – 60 келіде өнер көрсеткен Айбек Айтбеков. Айбек жарысты грузиялық Гиорги Кочалидзені 9:5 есебімен ұтудан бастады. Келесі айналымда ресейлік Алибек Амировты 9:0 есебімен жеңіп, ширек финалда жапониялық Сэйма Токухарадан 7:3 есебімен басым түсті.
Финалға жолдама үшін өткен тартысты белдесуде отандасымыз украиналық Евген Поковбаны 5:4 есебімен ұтты. Ал алтын медаль үшін бәсекеде Айбек Айтбеков әзірбайжандық Елмир Алиевпен жолықты. Қарсыласын 13:4 есебімен жеңген қазақстандық балуан Әлем чемпионы атанды.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді