13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызEgovMobile мобильді қосымшасының көмегімен алуға болатын құжаттардың саны арта түсті, деп хабарлайды El.kz
«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қызметінде «электронды үкіметтің» бірыңғай платформасы енгізіледі. Бірыңғай платформа бейберекеттікке жол бермейді. Қазір кей азаматтар мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алу мүмкіндігін талап етіп жатыр. Осы орайда биыл 15 шілде күні Мемлекет басшысы қол қойған цифрландыру туралы жаңа заңға сәйкес EgovMobile мобильді қосымшасының қолдану аясы кеңейтілді», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Назгүл Бажаева.
Оның айтуынша, аталған мобильді қосымша арқылы 19 құжатты алуға болады.
«Сонымен қатар жаңа заңға сәйкес мемлекеттік тіркеу куәліктерін беру тәртібі де өзгереді. Ендігі уақытта туу, неке, ажырасу және қайтыс болғаннан кейін берілетін куәліктер азаматтың egov-тағы жеке кабинетіне жіберіледі. Ал куәліктердің қағаз нұсқасын алғысы келген азамат өтініш жазуы тиіс», - дейді ол.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды