10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыGov мобильді қосымшасында уақытты өзгертуге қатысты сауалнама пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сауалнамадан өту үшін eGov мобильді қосымшасында «Хабарламалар» бөліміне өтіп, «Сауалнамалар» бөлімін таңдайсыз. Сауалнама 2024 жылдың 21 қарашасында жарияланған.
Сауалнамада әуелі қазақстандықтар үшін қай сағат белдеуі маңызды екені сұралады. Таңдауға болатын төрт жауап нұсқасы бар:
Сауалнама уақытқа қатысты 5 сұрақтан тұрады.
Сондай-ақ уақыт белдеуіне қатысты қандай өзгерісті қалайтындарын сұрайды. "Ештеңені өзгертпей, бәрі сол күйінде қалсын", "Уақытты жыл мезгіліне (жаз/қыс) қарай өзгерту керек", "Алдыңғы уақытқа оралу керек" деп ұсыныс білдіре алады.
Сонымен қатар ұсынысты пайдаланушылардан күндізгі уақытта не нәрсеге уақыт таппайтыны сұралады.
"Жұмыс немесе оқу", "Демалыс және ұйықтау", "Отбасымен және достарымен уақыт өткізу", "Спорт және физикалық белсенділік", "Хобби және жеке қызығушылықтар", "Үй шаруасы", сондай-ақ өз ұсынысыңызды енгізсеңіз болады.
Сауалнаманы eGov мобильді қосымшасында "Хабарламалар" бөлімінен табуға болады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді