Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар педагогикалық университетінің Қосымша білім беру институты «Күміс университет» жобасы аясында жұмысын жалғастыруда. Бүгінде мұнда зейнет жасына дейінгі және зейнет жасындағы 50-ден астам студент білім алуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Егде жастағы адамдарға аптасына бір рет компьютерлік сауаттылық, пішу және тігін, бейнелеу өнері және йога курстарына тегін қатысу мүмкіндігі беріледі.
Университет оқытушылары оларға салауатты өмір салты, психология және басқа да қызықты тақырыптар бойынша дәрістер оқиды.
Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Ғабдулхаева Бақытжамал Бакустарқызы «Өз денсаулығың өз қолыңда» тақырыбында дәрістер оқиды. Ол жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың даму қаупін азайтуға көмектесетін салауатты өмір салтының негізгі ережелері туралы айтады.
Университет ардагері Семина Людмила Ивановна Күміс университетінің сабақтарына үлкен қуанышпен келетінін айтты. Ол цифрлық сауаттылық, бейнелеу өнері, пішу және тігу бойынша курстардан өтуде. Ардагер сыныптағы жағымды атмосфераны ұнататынын да жасырмады.
Егде жастағы адамдар тек лекцияларға ғана емес, сонымен қатар семинарларға, шеберлік сабақтарына белсенді қатысады, олар әртүрлі әлеуметтік-мәдени тақырыптарға үлкен қызығушылық танытады. Күміс университетінің білім алушылары оқу жылының соңына дейін сабаққа қатысады. Толық курсты аяқтағаннан кейін барлық студенттер сертификаттар алады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді