Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҰлттық құрама спортшысы Эдуард Ким Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден әлем кубогының кезеңінде алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, отандасымыз техникалық бағдарламада 204.3900 ұпай жинап, тағы да үздік екенін паш етті. Бұл Эдуардтың Әлем Кубогында жекелей сында алған алғашқы алтын медалі. Ол осыған дейін былтыр Испания мен Франциядағы кезеңде күміс, ал Маркемдегі сайыста күміс (техникалық) пен қола (еркін бағдарлама) жүлдеге қол жеткізген.
Ал әйелдер арасында Карина Магрупова осы бағдарламада 5-сатыдан көрінді.
Айта кетейік, 2 маусымға дейін өтетін кезеңде 16 елдің 88 спортшысы сынға түседі.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар