19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?
Австрияның Грац қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Қазақстан жастар құрамасы аталған доданы екі алтын, екі күміс және екі қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, жастар ұлдар құрамасынан 60 келіде Нұрқанат Серікбаев, 66 келіде Нұрсұлтан Зайзағалиев жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ. 60 келіде Мерей Марханбетов пен қыздар арасында 78 келіден жоғары салмақта белдескен Аида Тойшыбекова Еуропа кубогінің күміс жүлдесіне ие болды. Ал ұлдар арасында 81 келіде татамиге шыққан Максим Мейірлан мен қыздар арасында 63 келіде бақ сынаған Есмигүл Куюлова қоржынды қос қоламен толықтырды.
Нәтижесінде, Қазақстан жастар құрамасы Австрияда өткен Еуропа кубогін жалпы командалық медаль кестесінде Жапониядан кейінгі екінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Қазақстан жастар ұлдар құрамасын аға жаттықтырушылар Азамат Мұқанов мен Айбек Имашев жаттықтырса, қыздар командасын Арсен Хатип пен Нұрбек Мықтыбеков баптап барды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары