10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ғұсман Қырғызбаев Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатын 1/8 финалда аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық дзюдошы ширек финал жолдамасы сарапқа салынған айқаста Оңтүстік Корея балуаны Ан Баулға ескертумен есе жіберді.
Бұған дейін Ғұсман Перу өкілі Хуан Постигосты иппонмен жеңсе, одан кейін израильдік Барух Шамиловтан басым түсті.
Кеше әлем чемпионатында қазақстандық 4 балуан жарыс жолына шыққан еді. Олардың арасында Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева іріктеу кезеңдерінде жеңілді. Ал 48 келіде Абиба Әбужақынова қола жүлде үшін белдесуде есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.
60 келіде белдескен қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев ширек финалға дейін жеткенімен, жұбаныш белдесуінде грузин балуанына жол берді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді