Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыДаңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған команда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігі бұл ынтымақтастық аясында халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесі енгізіліп жатқанын атап өтті.
Эцио Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.
Айта кету керек, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуде. Олардың тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізудің қуатты құралы болмақ.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар