Кеше, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Дзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары әлем чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әлем чемпионаты Катар астанасында 7-14 мамыр аралығында өтеді. Жарыс күн сайын Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады. Тікелей трансляциялар Qazsport телеарнасында және Judotv.com онлайн-платформасында ұйымдастырылады.
Дохада өтетін әлем чемпионаты Париж Олимпиадасына дейінгі соңғы әлем чемпионаты екенін атап өткен жөн. Бұл жарыстарға барлығы 99 елден 660 спортшы қатысады.
Осы жарыстардың нәтижелері бойынша Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, әлем чемпионы 2000 ұпай, күміс жүлдегер 1400 ұпай, ал қола жүлдегер Жалпы рейтингте 1000 ұпай алады.
Әлемдік додада ел намысын 19 дзюдошы қорғайды. Олардың 10-ы ерлер, 9-ы әйелдер құрамасында татамиге шығады.
Жарыс күнтізбесі:
7 мамыр
Абиба Әбужақынова (48 келі)
Ғалия Тынбаева (48 келі)
Елдос Сметов (60 келі)
Нұрқанат Серікбаев (60 келі)
8 мамыр
Толғанай Әбеуова (52 келі)
Ғұсман Қырғызбааев (66 келі)
9 мамыр
Бақыт Құсақбаева (57 келі)
Жансай Смағұлов (73 келі)
Данияр Шамшаев (73 келі)
10 мамыр
Эсмигүл Құюлова (63 келі)
Абылайхан Жұбаназар (81 келі)
11 мамыр
Анастасия Маякова (70 келі)
Дидар Хамза (90 келі)
12 мамыр
Аруна Жангелдина (78 келі)
Нұрлыхан Шархан (100 келі)
13 мамыр
Кәмила Берліқаш (78 келіден жоғары)
Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары)
Ғалымжан Қырықбай (100 келіден жоғары)
14 мамыр
Аралас командалық жарыс
Кеше, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды