Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam: қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды

9 Мамыр, 16:35 321

Ертең, 10 мамыр күні, елордада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталады. Жарыс қарсаңында жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлемдік дода Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 10-12 мамыр аралығында өтеді. Жарысты тікелей эфирде Qazsport арнасы және Judotv.com онлайн-платформасы көрсетеді.

Жеребе нәтижесін осы сілтеме бойынша таба аласыздар.

Олимпиада алдындағы маңызды жарысты бізге сеніп тапсырғандарыңыз үшін Халықаралық дзюдо федерациясына алғыс білдіреміз. Бізді қолдаған Мемлекет президентіне, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне, Астана қаласы әкімдігіне алғыс білдіреміз.

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы сіздерге жақсы әсер қалдырады деп сенеміз! Астана татамиі сіздерді қабылдауға дайын.

Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін! - деді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев.

Айта кетерлігі, бұл жарыста барлығы 84 елдің 500-ге жуық спортшысы бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

«Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды.

Үш күнге созылатын байрақты бәсекеге кіру тегін.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: