Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің екінші күнінде Қазақстан ерлер құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Бақытжан Абдурахманов (-73 кг) көтерілді. Бұл спортшымыздың мансабындағы тұңғыш Grand Slam жүлдесі.Кіші финалда Абдурахманов Ирландия спортшысы Джошуа Гриннан басым түсті. Бұл нәтижеге спортшымызға әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады.
Сондай-ақ, бүгін рейтингтік жарыстың үшінші орны үшін Абылайхан Жұбаназар (-81кг) мен Екатерина Токарева (-70кг) бақ сынайды.
Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күнінде Ғалия Тынбаева алтын, Елдос Сметов қола жүлде еншілеген болатын.
Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан жарыс 12 мамырға дейін жалғасады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады