23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіДушанбеден дзюдодан өтіп жатқан Гран При турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық балуандар арасында тек Ерасыл Қажыбаев қана доданы жалғастырады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін -100 және + 100 келіде татамиге шыққан балуандар айтарлықтай үздік нәтиже көрсете алмады. 100 келіде күрескен Сәдуақас Бекарыс алғашқы белдесуінде моңғол балуанынан ұтылса, осы салмақтағы тағы бір дзюдошымыз Сәбит Қайратбек ресейлік спортшыдан аса алмады.
Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бірінші айналымда француз Делверт Клементтен басым түсті. Алайда ширек финалда татами иесі Темур Рахимовтан айласын асыра алмады. Енді отандасымыз жұбаныш белдесуінде бахрейндік спортшы Азамат Шоцаевқа қарсы өткізеді. Бұл белдесуде басымдық танытқан жағдайда Қажыбаев жартылай финалда күресетін бейтарап спортшылар құрамасында күресетін ресейлік Темірлан Башаев пен польшалық Каспер Полшуровкий жұбының жеңімпазымен белдеседі.
Бұған дейін Душанбек Гран Приінде 66 келіде күрескен Сұңғат Жұбатқан қола жүлдеге ие болған еді. Бұл медаль Қазақстан құрамасы қоржынындағы әзірге жалғыз жүлде болып отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады